Жамбыл облысында электр желілерінің 79 пайызы ескірген

ТАРАЗ. KAZINFORM – Жамбыл облысының кейбір аудандарында, тіпті облыс орталығы Таразда да кейінгі кездері жарық жиі сөніп жүр. Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақов мұны ауа райының қолайсыздығымен және электр желілерінің тозғандығымен байланыстырады. 

Жамбыл облысында электр желілерінің 79 пайызы ескірген
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

«Облыстағы елді мекендер электр жүйесімен толық қамтамасыз етілген. Дегенмен, қазіргі уақытта олардың тозу деңгейі 79 пайызды құрап отыр. Сондай-ақ кейінгі жылдары өңірімізде қатты жел жиілеп, екпіні күшейіп келеді. Соның салдарынан электр желілерінің үзіліп жатыр. «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС тарапынан инвестициялық бағдарлама есебінен жыл сайын электр желілерін жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Биыл бұл мақсатқа 2,070 млрд теңге қаралып, 154 шақырым электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары атқарылуда», - дейді Ғалым Исақов. 

Айта кетейік, «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС құрамында бүгінде 11 аудандық электр желілері мен 8 орталық өндірістік қызмет жұмыс істейді. Ал жалпы электр желілерінің ұзындығы 16,2 мың шақырымды құрайды. 

Бұған дейін Жамбыл облысында қыруар қаржыға алынған медициналық аппараттар пайдаланылмай тұрғанын жазған болатынбыз.

Bloomberg: Трамптың мәлімдемесінен кейін Ормуз бұғазындағы қозғалыс тоқтап қалды
Ұқсас жаңалықтар

Bloomberg: Трамптың мәлімдемесінен кейін Ормуз бұғазындағы қозғалыс тоқтап қалды