Жамбыл облысында қаржы пирамидасынан 200-ден астам азамат зардап шеккен

қаржы пирамидасы
Фото: azattyq-ruhy.kz

ТАРАЗ. KAZINFORM - Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті былтыр жәбірленушілердің арыздары бойынша қаржы пирамидаларын ұйымдастырушыларға қатысты 3 қылмыстық істі тіркеп, жәбірленушілерге 45 миллион теңге өндіріп берген. Зардап шеккен азаматтар саны – 200-ден астам.

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары мәлімдеді.

Облыста жұмысы тоқтаған қаржы пирамидаларының бірі – «Chia Tai Tianqinq Pharmaceutical Group». Аталған пирамида ұйымдастырушысына қатысты қылмыстық істі тергеу барысында сатып алынған пәтер түріндегі мүлік пен 10 миллион теңгеден астам қаражат тәркіленген.

Сонымен қатар, былтыр өңірде қаржылық пирамида белгілері бар сайттарды жою кезінде 1013 сілтеме бұғатталған.

Соңғы жаңалықтар