23:44, 02 Ақпан 2024 | GMT +5
Жамбыл облысында кәсіпкерлерге арналған жеңілдетілген несие жобасы іске қосылады
ТАРАЗ. KAZINFORM — «Даму» АҚ қоғамымен бірлесіп, «Жамбыл бизнес» несиелендіру жобасы дайындалды.

Жаңа жоба аясында 2 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Бұдан бөлек, балық шаруашылығын дамыту мақсатында «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы 500 млн теңге қаражат бөлуді көздеп отыр.
«Бұл ретте түрлі әкімшілік кедергілерді жою үшін кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын ашу ұсынылады. Өз кезегінде бұл қадам бизнес өкілдеріне барлық қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік береді», — деп жазды Жамбыл облысы әкімдігінен.