Жамбыл облысында май тиеген жүк көлігі аударылып, өртеніп кетті

АСТАНА. KAZINFORM — Жамбыл облысы «Алматы–Ташкент» автожолының 560 шақырымы Нұрлыкент ауылының маңында жол-көлік оқиғасынан кейін жүк көлігі өртенді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл облысында май тиеген жүк көлігі аударылып, өртеніп кетті
Фото: Видеодан скрин

Жуалы ауданының маңында қозғалтқыш майын тасымалдаған жүк көлігі аударылып, салдарынан көлік пен төгілген жанар-жағармай отқа оранды.

Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жедел жіберілді. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде жүк көлігі мен төгілген жанар-жағармай толық жанып жатты.

Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде өрт аз уақыттың ішінде түгел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, Атырау облысында жыл басынан бері 31 автокөлік өртенді. Ал 2025 жылдың алғашқы үш айында 18 машина отқа оранған.

Сондай-ақ Шахтинсктегі автокәсіпорын аумағында автобус кенеттен отқа оранып, жалын жақын тұрған көліктерге тараған.