Жамбыл облысында натрий цианидін өндіретін жаңа зауыт салынады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Altynalmas Reagents» ЖШС директоры Уәлихан Атагелдиевті қабылдады. Кездесуде «Тараз химиялық паркі» АЭА аумағында натрий цианидін өндіру жобасын жүзеге асырудың барысы талқыланды, деп хабарлайды Kazinform.

Второй завод по производству цианида натрия построят в Жамбылской области
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Жобаның жылдық қуаттылығы 25 мың тоннаны құрайды. Зауыттың құрылысына 250 адамды тарту жоспарланып отыр. Ал пайдалану кезінде 100-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Зауыт іске қосылғаннан кейін кәсіпорын натрий пиросульфиті мен каустикалық сода өндірісін жолға қоймақ.

Кездесу барысында сондай-ақ, сабақтас өндірістерді құру, өнімді өткізуді жолға қою және экспорттау мәселелері де талқыланды.

Бұған дейін Таразда Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтері басшылары кездесіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.