Жамбыл облысында шаруа қожалығының 500-ге жуық малы суға кетті

ірі қара
Фото: СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы

ТАРАЗ. КАZINFORM – Кеше сағат 15:30-дар шамасында Жамбыл облысы Шу ауданы Көкқайнар ауылдық округіне қарасты Ақтасты таулы аймағында қатты жауын жауған болатын. Салдарынан көлбеу ағын жүріп өтіп, аталған ауылдық округтегі «Ынтымақ» шаруа қожалығының қора-жайына дейін жетіп, мал шығынына алып келді.

«Ынтымақ» шаруа қожалығының жалпы 1600 бас малының 484 бас мал шығыны анықталды. Қазіргі уақытта 197 бас малдың өлексесі табылды. Бұл бағытта арнайы комиссия құрылып, толық мал шығыны есептелуде. Көлбеу ағын Көкқайнар ауылы маңына дейін жетіп, ескі арна арқылы Тасөткел су қоймасына құйылуда. Қазір ауылдағы тұрғын үйлерге келер қауіп жоқ», – деді Шу ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар