Жамбыл облысында үш бала газдан уланып көз жұмды
ТАРАЗ. KAZINFORM – Қазіргі уақытта арнайы жұмыс тобы құрылып, отбасына психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл туралы Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

— 19 сәуірде Меркі аудандық ауруханасына көмірқышқыл газына уланған үш жасөспірім (2017 жылғы, 2019 жылғы және 2021 жылғы) жеткізілді. Өкінішке қарай балалар ес-түссіз, есін жимаған күйде көз жұмды, — делінген Меркі ауданы әкімдігі хабарламасында. ⠀
Алдын ала тергеу мәліметінше, үйге оралған анасы газ иісін байқап, қыздарын ауруханаға жеткізуге әрекеттенген.
⠀
19 сәуір күні аталған факті «Адам өлу» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Әкімдік мәліметінше марқұм балалардың отбасына бұған дейін әлеуметтік көмек тұрақты көрсетілген. Анасы 2025 жылғы қаңтардан бастап тұрақты жұмыс істеген.
⠀
Қазіргі уақытта арнайы жұмыс тобы құрылып, отбасына психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатыр.
— 20 сәуір күні аудан әкімдігінің қолдауымен Ойтал ауылдық округінде жерлеу рәсімі өтті. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда, — делінген хабарламада.
Айта кетелік Павлодар-Астана жолында балалар мінген автобус аударылып, жаттықтырушы көз жұмған еді.