Жамбыл облысында балабақша басшысы 12 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырған

Балабақша
Фото: Жамбыл облысының прокуратурасы

АСТАНА. KAZINFORM – Тараз қаласының прокуратурасы «РозАль» орталығы» жеке балабақшасы басшылығымен мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген 12 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Бұл туралы Жамбыл облысының прокуратурасы мәлімдеді.

Балабақша басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражатын алып отырға.

Алаяқтық фактісі бойынша қала прокуратурасымен қылмыстық іс тіркеліп, оны тергелуі Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.

«Тараз қаласының № 2 сотының 14.06.2024 жылғы үкімімен балабақша басшысы тәрбие/оқыту қызметін көрсететін кез келген меншік нысанындағы ұйымдар мен мекемелерде қаржымен байланысты материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айыра отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды», - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар
telegram