Жамбыл облысында жолда қалған адамдарға қырғыз құтқарушылары көмекке келді

жолда қалды
Фото: видеодан алынған скрин

Қазақстанның оңтүстік облыстарында көліктер жолда тұрып қалды. Оларға Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары көмекке келді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі 24.kg ресурсына сілтеме жасап. 

Қазақстанда қарлы боран салдарынан 100-ден астам көлік Алматы-Ташкент тасжолында қар құрсауында қалды. 

Қырғыз ТЖМ мәліметінше, 14 желтоқсанда жолаушылар мінген 100-150 шамалы көлік Алға мен Қордай ауылдарының арасында қалып, Қырғызстанға өте алмай қалған.

Оларды құтқаруға Қазақстан тарапынан 99 құтқарушы мен 37 ауыр техника жұмылдырылды.

Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігі 39 құтқарушы, 5 ауыр техника, бір жүк көлігі және 2 қарда жүретін көлік жіберді.

«Сағат 03.05-те құтқарушылар „Ақ-Жол“ бақылау-өткізу бекетіне аттанды. Сағат 08.15-те олар Қазақстан аумағында болды», — деп атап өтті Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігінен. 

Қырғызстан мен Қазақстан дағдарысты басқару орталықтары арасындағы келіссөз қорытындысы бойынша бес көлікпен еріктілер кедергісіз өтіп жатыр.

Қар құрсауында қалған азаматтар қауіпсіз жерге эвакуацияланды. 

Соңғы жаңалықтар