Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінде кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды

ТАРАЗ. КАZINFORM – Жамбыл облысы Меркі ауданының Сыпатай батыр ауылындағы үйлердің бірінің жанынан кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылған. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментіне Меркі аудандық ауруханасынан хабарлама түскен.

мвд
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

«Полиция кәмелетке толмаған күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі таңда жасөспірім өлімі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар, күдіктіге қатысты заңсыз суық қару алып жүру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге мәліметтер жариялауға жатпайды», – делінген баспасөз релизінде.