Жамбыл облысындағы кеніште тау жынысы құлап, топырақ астында жұмысшы қалып қойды

АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылдың 18 қыркүйегі күні Жамбыл облысындағы «АК Алтыналмас» акционерлік қоғамының тау-кен байыту кешендерінің бірінде тау жынысы құлады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

рудник
Фото: «АК Алтыналмас» АҚ баспасөз қызметі

Оқиға орнына жедел түрде апаттан құтқару жасағы келіп, іздеу-құтқару операциясы жүргізілді.

Тау жыныстарының жүруі салдарынан және күрделі географиялық жағдайларға байланысы оқиға орнына бару қиын болды.

Компанияда қайғылы жағдайды себеп-салдарын анықтау бойынша текесеру басталды. Барлық күштер мен құралдар топырақ астында қалып қойған қызметкерді іздестіруге жұмсалды.

Оқиға бола саласымен жұмыс тобы құрылды. Арнайы комиссия оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар