Жамбыл облыстық полиция департаментінде бірқатар тағайындау болды

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында есірткі қылмысына қарсы күресті күшейту және «заң мен тәртіп» қағидатын нығайту бойынша берген тапсырмасын іске асыру аясында, сондай-ақ Жамбыл облысы полиция департаментінде жүргізілген ІІМ инспекторлық тексеру қорытындысына сәйкес бірқатар кадрлық тағайындау жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Начальника полиции и четырех его заместителей сменили в Жамбылской области
Фото: polisia.kz

Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин және оның орынбасарлары Құрмет Мажикенов, Нұржан Рахметуллаев, Қанат Сматов, Бауыржан Удергенов, сондай-ақ Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Алмас Қожашев қызметінен босатылды.

Облыстық полиция ведомствосының жаңа бастығы болып бұрын көліктегі полиция департаментін басқарған Бақытжан Малыбаев тағайындалды.

Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметіне Мақсат Қанапяев, ал орынбасарлары болып Бауыржан Жанаев, Жайдарбек Құттыбаев және Мұхтар Аманбеков тағайындалды.

«Ішкі істер министрлігі полиция жұмысын оңтайландыру және оның тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдауды жалғастырады»,-делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар