Жамбыл жастарының «Өнегелі ұрпақ – ұлт болашағы» атты флешмобы өтті

Жастар

АСТАНА. KAZINFORM – Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы, келешек қоғам тәрбиесі. Ұлттық құндылықтарымызды насихаттау – біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз.

Өскелең ұрпақ пен аға буынның ұйытқы болуымен осындай тағылымды флешмоб арқылы асыл мұраны сақтап қалуға күш салынуда.

Жалпы, Жамбыл облысы бойынша 354 мыңнан астам жас бар. Олар экологиялық акцияға белсенді қатысып жатыр.

Флешмобқа ардагерлер мен қарттар, волонтерлер, студент жастар атсалысуда. Шара барысында «Жастар» аллеясына ағаш көшеттері отырғызылды.

Жастар

- Біз, белсенді жастар да акцияны насихаттауға, оған барша тұрғындарды белсене қатысуға шақыру мақсатында өз үлесімізді қосқымыз келді. Бүгінгі ұйымдастырған флешмобымыздың мақсаты осы. Нәтижесі біз күткендегіден де жоғары болды. Акцияға атсалысқан достарыма, замандастарыма алғыс білдіремін, - деді белсенді жас Ә.Нарегеев.

Соңғы жаңалықтар
telegram