Жамбылда «Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы биыл да жалғасады

Жамбыл
Фото: Алина Төлеубаева/Kazinform

TARAZ. KAZINFORM – Жамбыл облысында үшінші жыл қатарынан жүзеге асып келе жатқан «Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы биыл да өз жалғасын табады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тұрғын үйді несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға 2 млрд теңге бөлініп, оның жартысы жергілікті бюджеттен қаралса, тағы 1 млрд теңгесі «Отбасы банкі» тарапынан бөлінген. Нәтижесінде биыл 135 жасты баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда тараптар арасында келісім жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетсек, аталған бағдарлама аясында былтыр 144 жас аталған бағдарлама аясында баспаналы болған еді.

Бүгінгі күні облыста 14 пен 35 жас аралығында 354 мыңнан астам жас тұрады. Бұл – облыс тұрғындарының 29 пайызы.

Соңғы жаңалықтар