Жамбылда мектеп түлегі мінген көлік апатқа ұшырап, бір адам мерт болды
ТАРАЗ. KAZINFORM — 25 мамыр күні мектеп бітіру кешінен кейін Жамбыл облысында жол-көлік оқиғасы болып, бір адам қаза тапты.
Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Жаңаталап ауылынан Ақтоған ауылына қарай бара жатқан жолда болған.
Жаңаталап ауылынан шыққан «Тойота Камри» маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне аударылған.

Апат салдарынан көлік руліндегі 21 жастағы азаматша оқиға орнында қаза тапты.
«Оның жолаушылары — 20, 17 жастағы азаматтар және 11-сыныпты бітіруші түлек ауруханаға жеткізілді. Жағдайы бірқалыпты, бақылауда. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді, қажетті сараптамалар тағайындалды» делінген баспасөз релизінде.