Жамбылда үш айда 235 VIP мемлекеттік нөмір тіркелген

 VIP-номер
Фото: polisia.kz

TAРАЗ. KAZINFORM – Былтырдан бастап электрондық портал арқылы «Автокөлікке VIP нөмірге тапсырыс беру (жоғары сұраныстың мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі)» сервисі іске қосылғаны белгілі. Аталған сервис арқылы жеке тұлғалар көліктеріне ақылы түрде жоғары сұранысқа ие, әдемі мемлекеттік тіркеу нөмірлерін алуға тапсырыс бере алады.

Өткен жылдың 12 айында Жамбыл облысында осы қызметті пайдалана отырып, мамандандырылған бөлімдер және секторлар арқылы барлығы 171 млн 579 мың 523 теңгеге 577 жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірі рәсімделген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Марсель Жетпісбаев хабарлады. 

«Осы жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында жоғары сұранысқа ие 235 VIP мемлекеттік нөмір тіркелді. Олардың жалпы құны 74 млн 787 мың 374 теңгені құрайды және бекітілген АЕК соммасы республикалық бюджетке түседі. Жалпы, 010, 077, 080, 707, 800, 888 және 777 цифрлық белгілері бар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріне сұраныс көп», - деді бөлім басшысы брифингіде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысының есірткі қылмысына қарсы бөлімше бастықтары қамауға алынғанын жазған едік. Сондай-ақ Жамбыл облысында 40 келіден астам есірткі дайындаған шопан ұсталғанын хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар