Жамбылдағы газ құбырының жарылысы: жөндеу жұмыстары аяқталды

Жамбыл облысы
Фото-видео: Жамбыл ауданының баспасөз қызметінеy

Кеше сағат 22.10-дар шамасында Жамбыл облысы Жамбыл ауданының  Қызылқайнар, Гродеково, Полатқосшы ауылдық округтеріне баратын магистралды 325-тік құбыр жарылып, газ желісі істен шыққанын хабарлаған болатынбыз. Қазіргі таңда газ шаруашылығы қызметкерлері үздіксіз жұмыс жасап, дәнекерлеу жұмыстарын аяқтады. Аулаларға газ беріле бастады, деп хабарлайды Kazinform.

Бұл туралы Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы айтты. 

«Апат айтып келмейді. Сабыр сақтаған барша тұрғынға алғысымды білдіремін. Дәнекерлеу жұмыстарын күннің суығына қарамай аяқтаған сала қызметкерлеріне де ризамыз. Жөндеу жұмыстары аяқталды, қазір газ үйлерге ақырындап беріле бастады», – деді ол. 

Бұған дейін Жамбыл облысында газ құбыры жарылып, 1 мыңға жуық үй жылусыз қалғанын хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар