Жамбылдық полицейлер Қызыл кітапқа енген жануарды атқан тұрғынды ұстады

ТАРАЗ. КАZINFORM - Жамбыл облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында «Сапсан» жедел қызметі инспекторларымен бірлесіп,  браконьерлік дерегін жасады деген күдікпен Талас ауданының 48 жастағы тұрғынын ұстады.

Жамбыл
Фото: Облыстық ПД

Оның тұрып жатқан құмды аймақтағы шаруа қожалығын тексеру барысында Қызыл кітапқа енген қарақұйрық жануарының тушасы, сондай-ақ 2 тегіс ұңғылы қару табылып, тәркіленген.

Департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, қазіргі таңда заңсыз аң аулау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сот сараптамалары тағайындалған. 

Жамбыл
Фото: Облыстық ПД

Айта кетейік, Жамбыл облысының Полиция департаменті 1- 29 ақпан аралығында аймақта «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар