Жамбылдық тұрғын Түркістан облысында 2 қап есірткімен ұсталды
Тәртіп сақшылары трассадағы көліктен 40 келі кептірілген марихуана тапты, деп хабарлайды Kazinform.
Полиция қызметкерлері «Батыс-Қытай – Батыс-Еуропа» тас жолында күмән тудырған «Honda Odyssey» көлігінен 2 қап есірткі тапты. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттай дәлелдемелер 40 келіге жуық кептірілген марихуана болып шықты. Күдікті ретінде Жамбыл облысының тұрғыны қамауға алынды.
«Көліктегі жолаушы қаптағы заттардың өзіне тиеселі екенін растады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркелді. Тергеу оқиғаның толық мән-жайын және есірткіні жеткізу арналарын анықтайтын болады» - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.