Жамбылдықтар көбіне электр жарығының сапасына шағымданады

ТАРАЗ. KAZINFORM – Jambyl 109 қызметіне ең көп өтініш жарықпен қамтамасыз етуге байланысты келіп түскен. Оның жыл басынан бергі жалпы саны – 5707.

Электричество электроэнергия Электр энергиясы
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Ал ветеринариялық қызмет түріне – 4 107 өтініш, сумен қамтамасыз етуге байланысты – 2 029, көше жарығына – 1 995, жол инфрақұрылымына – 1 562, кәріз жүйесіне – 832 өтініш, қоғамдық көлікке – 798 өтініш, лифтке қатысты 602 өтініш түскен. 

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды. 

«Jambyl 109 қызметінің жүйесінде халыққа 5600-ден аса қызмет түрі ұсынылады. Бүгінгі таңда Jambyl 109 қызметі 330 мекемемен жұмыс істейді. Оның ішінде 150 қалалық және аудандық мекеме, 99 ведомстволық және мердігерлік ұйым болса, 36-сы - облыстық және республикалық мекемелер. Жүйеге өңірдегі қала мен аудандық бөлімдер, коммуналдық қызмет түрін ұсынатын мекемелер жұмылдырылған», – дейді Жамбыл облысы бірыңғай 109 қызметінің басшысы Тұрсынбек Бақкелді.

Бұған дейін Жамбыл облысында 54 ауыл сапалы ауыз сумен қамтылмағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар