Жамбылдықтар соғыс ардагерінің үйінде тазалық жұмыстарын жүргізді

Жеңіс күні
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы

ТАРАЗ. KAZINFORM - «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы шеңберінде Ұлы Отан соғысының ардагері Ережепбай Мүтәліптің үйінің кіреберіс жеріндегі қабырғаларды сырлау, ауласына абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Аталған игі шараға «Тұрғын үй жөндеу Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері, қаланың белсенді жастары, волонтерлар белсене атсалысты.

Жеңіс күні
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы

Шара соңында Ұлы Отан соғысының ардагері жастарға батасын беріп, алғысын жеткізді.

– «Таза Қазақстан» акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы шеңберінде қаламыздың жастары өз еріктерімен келіп тазалық жұмыстарын жүргізуде. Жалпы, мұндай бастаманы жастарымыздың қолға алып, үйлестіріп отырғандарына шын жүректен қуаныштымын. Осы орайда, қаламыздың тұрғындарын «Таза Қазақстан» республикалық акциясына белсене қатысып, шаһардың көркеюіне үлес қосуға шақырамын. Осы арқылы әрбіріміз қала тазалығын сақтап қана қоймай, өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен ұлттық тәрбиеге баулимыз, – деді қарт майдангер ағынан жарылып.

Жалпы, бүгінде облыс бойынша 8 ҰОС ардагері бар. Акция аясында барлық ардагердің үйлерінде абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Жеңіс күні
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы

 

Соңғы жаңалықтар