Жамбыл Ахметбеков штабы Алматыда саябақты қоқыстан тазалады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның коммунистік халық партиясынан ҚР Президенттігіне кандидат Жамбыл Ахметбековтің штабы Алматыда тазалық акциясын өткізді.

Жамбыл Ахметбеков штабы Алматыда саябақты қоқыстан тазалады

Жамбыл Ахметбековтің республикалық сайлауалды штабының өкілдері мен белсенділер В.Ленин ескерткішіне тақау саябақтың аумағын қоқыстан тазалап шықты. Тазалық жұмыстарынан кейін белсенділер би билеп, флешмоб ұйымдастырды.

Барлық шаралар аяқталғаннан кейін олар кандидат Ж.Ахметбековтің сайлауалды тұғырнамасын талқылады.