Жамбыл Ахметбеков штабы Қаратау қаласында сайлаушылармен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның коммунистік халық партиясының Жамбыл облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Жарылқасын Нұрәлиев Қаратау қаласындағы Мәдениет үйінде сайлаушылармен және еңбек ұжымдарымен кездесті. Бұл жөнінде партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл Ахметбеков штабы Қаратау қаласында сайлаушылармен кездесті

Өз сөзінде Жарылқасын Нұрәлиев ҚКХП-ның интернационализм мен әлеуметтік әділдік сияқты басты ұстанымдарына тоқталды. Ол қоғамның дамуы әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы бейбітшілік пен келісімге байланысты екенін, ҚКХП әрқашанда интернационализм принципін ұстанатынын айтты. Штаб өкілі кандидаттың сайлауалды тұғырнамасын таныстырды.

Сонымен қатар кездесуде Қазақстан болашағы алдында мемлекет пен азаматтардың жауапкершілігі тақырыбы қозғалды. Жарылқасын Нұрәлиев сайлау демократиялық құрылымның маңызды бөлігі екенін атап өтті.

Сайлаушылар ҚКХП үміткерінің сайлауалды тұғырнамасының тезистерін жақсы қабылдап, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Олардың дені жұмыссыздық, төмен жалақы, қаладағы су мәселесіне қатысты болды. Нұрәлиев сайлаушыларды 9 маусым күні өтетін президент сайлауына белсене қатысып, лайықты үміткерге дауыс беруге шақырды.