Жамбыл Ахметбековтің сенімді өкілі талдықорғандық сайлаушылармен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚАЗаҚПАРАТ - Қазақстан коммунистік халық партиясынан президенттікке үміткер Жамбыл Ахметбековтің сенімді өкілі талдықорғандық сайлаушылармен кездесті, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Жамбыл Ахметбековтің сенімді өкілі талдықорғандық сайлаушылармен кездесті

Кандидаттың сенімді өкілі, Алматы облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Сәуле Биғарова Талдықорған қаласының Д.Қонаев атындағы этнографиялық музейін аралап, Оқушылар сарайында сайлаушылармен кездесті.

Сәуле Биғарова ақшаға табынушылық, кез келген жолмен табыс табу және адамгершілікке жат дәстүрлер Отанымыз үшін қауіпті екенін айтты. Сонымен қатар ол ҚКХП үміткерінің сайлауалды тұғырнамасын таныстырып, құжатта жалған құндылықтардан бас тарту мәселесі атап көрсетілгенін сөз етті.

Облыстық сайлауалды штаб жетекшісі Қазақстанның әрбір азаматы елдің болашағына жауапты екенін алға тартып, сайлаудың маңызы жайлы әңгімеледі. Ол барша қазақстандықтарды 9 маусым күні сайлауда дауыс беруге шақырды.