08:30, 06 Қаңтар 2012 | GMT +5
Жамбыл қаласының жол полициясы қызметкерлері жыл басынан жол қозғалысының ережесін бұзған 700-ден астам оқиғаны тіркеді
ТАРАЗ. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл қаласының жол полициясы қызметкерлері жыл басынан жол қозғалысының ережесін бұзған 700-ден астам оқиғаны тіркеді.
Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жол қозғалысының ережесін көбінесе жылдамдықты арттырумен бұзған, атап айтқанда 198 рет. Мас күйінде көлік жүргізгендердің 24 оқиғасы тіркелді. Сондай-ақ белбеуін тақпаған күйінде көлік жүргізген - 90, 13 қарсы бағытқа шыққан, 23 жаяу жүргіншілер өтетін жерде тоқтамай өткен оқиғалар анықталды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
ІІД ЖПБ инспекторы, полиция капитаны Нұрғали Әбзелбектегінің айтуынша, осы күндерде ЖҚЕ-ні өрескел бұзған 268 оқиға тіркелді, 48 көлік рұқсат етілмеген жерлерге тоқтаған.