Жамбыл, Қарағанды облыстары және Астанада мүгедектерді тропездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету жағы кемшін

АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Бірнеше облыс пен Алматы қаласының мүгедектері тропездік-ортопедиялық құралмен 100 пайыз қамтамасыз етілген.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында 2012-2018 жылдарға арналған мүгедектердің өмір сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңінің жүзеге асырылуы туралы баяндама жасаған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов айтты.

Оның атап өтуінше, мүгедектердің басым бөлігі тропездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 16,7 мың адам қамтамасыз етілсе, жалпы тропездік-ортопедиялық құралдарды қажет ететін мүгедектердің саны 19,1 мың адамды құрайды.

«Аталған құралдармен Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары және Алматы қаласы 100 пайыз қамтамасыз етілгендігі байқалады. Дегенмен Жамбыл, Қарағанды облыстары және Астана қаласында тропездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету пайызы төмен болып отыр»,-деді ол.

Министрдің атап өтуінше, тропездік-ортопедиялық саланы тиімді дамыту үшін жарғылық капиталына мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен «Республикалық протездік-ортопедиялық орталығы» акцонерлік қоғамы құрылған.

Соңғы жаңалықтар