Жамбыл, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарының прокурорлары тағайындалды
деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
Жамбыл облысының прокуроры болып - Есенжан Досанов, Қостанай облысына - Әбдіқадыр Кәрім, Оңтүстік Қазақстан облысына - Берік Құлтасов тағайындалды.
Жаңадан тағайындалған прокурорларды таныстыру үшін Бас прокурор Қайрат Мәми аталған облыстарға сапар жасады.
Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, облыстық прокуратуралардың ұжымдарымен болған кездесулер барысында Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасының баптарын жүзеге асыру жөніндегі прокуратураның негізгі міндеттері түсіндірілді. Азаматтардың құқықтарын қорғау, прокуратураның қадағалау және құқық бұзушылықтармен күресудегі үйлестіруші функцияларын, сондай-ақ прокурорлық қызметтің процессуалдық негіздерін жетілдіру жөніндегі жұмысты күшейту қажеттілігі атап көрсетілді.