Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшесі тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшесі тағайындалды.. Отырыс барысында жамбыл облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына басқа азаматы тағайындау туралы қаулы жобасын ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов таныстырды.

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшесі тағайындалды

«ҚР-дағы Сайлау туралы» еліміздің 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12 бабына, 19-бабы 8 тармағына сәйкес ҚР Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді. Бірінші ҚР-дағы Сайлау туралы заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Сара Мәдиева тағайындалсын», - деді ол.
Қаулы жобасын ҚР ОСК мүшелері бірауыздан қолдап дауыс берді.