12:01, 24 Тамыз 2022 | GMT +5
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет қызметінен кетті
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет өз еркімен қызметінен кетті. Бұл туралы аталған өңір әкімдігінің баспасөз хатшысы Данияр Асқарұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Рүстем Рысбайұлы өз еркімен жұмыстан босатылды. Оны кеше өткен аппарат жиналысында аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов хабарлады», - деді Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Данияр Асқарұлы.
Еске салайық, Рүстем Дәулет Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып өткен жылы қыркүйек айында тағайындалған еді.
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі