Жамбыл облысы кеденінің лауазымды тұлғаларына қатысты 15 қылмыстық іс қозғалды - ҚР ҚМ КБК

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері өткізген шұғыл іс-шаралардың нәтижесінде
None
None

Түркиядан Қырғызстан Республикасына тасымалданатын тауарлардың «жалған транзитінің» сызбасы әшкереленді. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 209-бабы бойынша (экономикалық контрабанда) 15 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Кедендік бақылау комитеті Қоғаммен және БАҚ-пен байланыс жөніндегі бөлімнен мәлім етті.

Аталған қылмыстық істерді тергеу барысында оларға Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің лауазымды тұлғаларының қатыстылығы анықталды. Олар «Қарасу» және «Қордай» кеден бекеттерінің қызметкерлері - Қалымханов Ғ.А., Бәйменов С.С., Жүсіпбеков М.Б., Орынтай Н.К. және Умановский Н.С. Олар «жалған транзит» криминалдық сызбасын пайдалана отырып, өзге тұлғаларға пайдалар мен артықшылықтарды алып келу мақсатында, қызмет мүддесіне қайшы келе, ұзақ уақыт бойы мәліметтер базасына жалған деректерді енгізіп, кедендік бақылауға жататын халық тұтынатын тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан іс жүзінде шығарылмастан, кедендік транзиттің процедурасын аяқтаған.

Анықталған фактілер бойынша аталған тұлғаларға қатысты ҚР ҚК-нің 307-бабы (лауазымдық қызметті асыра пайдалану) бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Соңғы жаңалықтар