Жамбыл облысы мал саны бойынша республикада екінші орында тұр

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы мал саны бойынша екінші орында. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық ветеринария басқармасының басшысы Нұржас Құрмантаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма басшысының айтуынша, 4 айда ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында барлығы 4,5 млн бас ауыл шаруашылығы жануары тіркелген.

Оның 522 мың басы - ірі қара, 3,8 млн - ұсақ мал, 8 мың бас - шошқа, 180 мың бас - жылқы, 7,5 мың бас - түйе малы.

Облыс осылайша мал саны жөнінен республика бойынша екінші орында.

Брифинг барысында басқарма басшысы облыста атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.

«Дезинфекциялық дәрі-дәрмекке берілген өтінімге сәйкес, облыстық бюджеттен тікелей аудандарға барлығы 83 мл 842 мың теңге бөлініп, акарацид препараттары сатып алынды. 24 елді мекенде жеке қосалқы шаруашылықтар иелігіндегі мүйізді ірі қараның аналық басын қолдан ұрықтандыру жоспарланды. Бұдан бөлек, ветеринар мамандардың мәртебесін айқындау және ветеринария саласын цифрландыру бағытында қолданыстағы заңнама аясында ветеринар мамандар азаматтық қызметшілер қатарына қосылды. І-ІІ патогенді аурулармен жұмыс атқаратын ветеринар дәрігерлердің жалақысы 35-50 пайыз аралығында көтерілді», – деді Нұржас Құрмантаев.

Айта кетейік, бұған дейін фермерлердің атынан субсидия алып келгендер әшкереленгенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар