Жамбыл облысы Меркі ауданындағы дала өрті оқшауланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Меркі ауданындағы дала өрті оқшауланды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
«Жұмылдырылған ТЖМ бөлімшелерінің және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдарының бірлескен әрекетінің арқасында Жамбыл облысының таулы аймағындағы құрғақ шөп өрті бүгін сағат 13.50-де оқшауланды» делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында 300 гектар аумақта құрғақ шөп өртеніп жатқанын, өртті сөндіруге ТЖМ тікұшағы тартылғанын жазған едік.