Жамбыл облысы тауар өндірушілері Астана тұрғындарына 150 тоннадан астам өнім ұсынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы демалыс күндері елорда тұрғындары мен қонақтары Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің өнімдерін сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Осы сенбіде Астана жәрмеңкесінде сатылымға әкелінген Жамбыл облысы өнімнің жалпы көлемі 150 тоннаны құрайды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Айта кету керек, қала тұрғындары мен қонақтары азық-түлік өнімдерін арзан бағамен сатып ала алады. Мысалы, сарымсақтың бір келісі 40 теңге, картоп 55 теңге, қарбыз 25 теңге, қант - 150 теңгеден сатылады. Келесі аптада, 12-13 қыркүйекте елордада жәрмеңкеге Жамбыл облысынан бөлек, Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының тауар өндірушілері қатысады. Жәрмеңке «Мега» ОСО алдындағы алаңда және Тұран даңғылындағы «Астана» саябағында өтеді.