Жамбыл облысында 100 гектар жерді шарпыған өрт сөндірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында тұтанған құраған шөп өрті сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында 100 гектар жерді шарпыған өрт сөндірілді

Еске сала кетейік, оқиға кеше, 4 мамыр күні шамамен 14 сағат 57 минут кезінде болған. Өртенген аумақ Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы орман және жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік мекемесіне («Белқұдық-Қарамату» бөлігі) тиесілі. Жалын шарпыған аумақ алдын ала мәліметтер бойынша 100 гектарды құрап отыр.

«Өрт 23:00-де ауыздықталып, 5 маусым күні 01:20-да толықтай сөндірілді. Құрбан болғандар жоқ, ешкім зардап шекпеген», - деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.