Жамбыл облысында 22 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарлануда
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы Жамбыл облысында 22 мыңнан астамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарлануда, бұл мақсатқа 11,7 млрд. теңге қарастырылған. Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингіде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Жорабек Баубеков мәлім етті.
Брифингі барысында ол Жамбыл облысында 2014-2015 жылдары «Өрлеу» ілкі бағдарламасын енгізу жүргізілгенін, оның ауқымында 2014 жылдан бері белгілі бір ақшалай көмек тағайындалғанын атап өтті.
Мемлекет басшысының «Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлттық жоспарында баяндалған тапсырмасын орындау мақсатында 2015 жылғы 28 қазанда «Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданды, ол 2018 жылдың қаңтарынан күшіне енеді.
Ж.Баубековтің атуынша, 2015 жылдың 12 айында 1788 отбасындағы 9694 адамға 420,4 млн. теңге көлемінде шартты ақшалай көмек тағайындалды. Көмек алған отбасылар ішінен 5511 еңбекке қабілетті жастағы адам әлеуметтік қолдаудың белсенді формаларына тартылды (тұрақты жұмыс орындарына 1794 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға - 928 адам, «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы ауқымындағы жұмыстарға - 1768 адам, жастар практикасына және қайта оқытуға 718 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына - 303 адам жіберілді.
«2015 жылдың қорытындыларымен Жұмыспен қамтудың белсенді кешенді жоспарына сәйкес 26256 адам (жоспар - 18826 адам, 139,5-ға орындалды) қамтылды, соның ішінде 17 642 адам тұрақты жұмыстарға, 1146 адам уақытша жұмыс орындарына орналастырылды, сондай-ақ ақылы қоғамдық жұмыстарға - 3574 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына - 1096 адам, жастар практикасына - 1394 адам, кәсіби оқытуға - 702 адам тартылды, 402 адам шағын несие алды», - деп атап өтті Жораьбек Баубеков.
2016 жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 22 мыңнан астам адам тартылады, бұл мақсаттарға 11,7 млрд. теңге, соның ішінде облыс бюджетінен 4,6 млрд. теңге көзделген.