Жамбыл облысында 245 кітапхана интернетке қосылған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында 245 кітапхана интернетке қосылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсеналы Бықыбаев хабарлады.

Жамбыл облысында 245 кітапхана интернетке қосылған

Бүгінгі таңда аймақта 288 мемлекеттік кітапхана облыс халқына қызмет көрсетіп отыр. Осы кітапханалардың кітап қорын толықтыру жұмысы жылдан жылға ілгерілеп, нәтижесінде облыс кітапханаларының кітап қоры - 3 434 746 дананы құрап, оның мемлекеттік тілдегісі 1 638 327-ге жетті. Заман талабына сай 288 кітапхананың 245-і интернетке қосылып, 265 -і толық компьютермен қамтылған. Облыс кітапханаларын автоматтандыру бағытында жалпы 262 кітапхана (91%) арнайы кітапханалық бағдарламалармен жұмыс жасауда.

Кітапханалардың материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мақсатында 13 589,6 мың теңге жұмсалды.