Жамбыл облысында 26 адам қызылшамен ауырды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті өңірде қызылша ауруына қатысты жағдайға алаңдауға негіз жоқ екенідігін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Бүгінде Жамбыл облысында 26 адам қызылшамен ауырғаны тіркелді. Бұл көп емес. Басқа өңірлермен салыстырғанда, біздегі ахуал көңіл көншітерлік. Сол 26 адамның 23-іне вакцина егілмеген», - дейді Жамбыл облысының қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің басшысы Берік Жарқымбеков.

Департаменттің ақпаратына сүйенсек, қызылшамен ауырғандардың тоғызы - бір жасқа дейінгі балалар. Сондай-ақ өзіне дәрінің егілген-егілмегенін білмейтіндер де бар.

Ведомствоның мәлімдеуінше, облыста дәрі егу қалыпты жүріп жатыр, бас тартқандар көп емес. 2018 жылы жоспарлы түрде бір жасқа дейінгі 23 мың балаға, алты жасқа дейінгі 25 мың балаға дәрі егілген. Биыл 30 жасқа дейінгі 1 800 адам қызылшаға қарсы вакцинаны ерікті түрде салғызған.

Берік Жарқымбековтің айтуынша, облыста аурудың алдын алу шаралары белсенді түрде жүргізіп келеді. «Мектептерде, балабақшаларда түсіндіру жұмыстары жүргізіп, тұрғындарға аурудың алдын алу шаралары, алғашқы белгілері туралы айтамыз», - деді ол.

Авторы: Галина Скрипник

Соңғы жаңалықтар