Жамбыл облысында 50 ауылда 10 мыңнан астам үйге тіркелген интернет тартылып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өңір басшыларын Жамбыл облысындағы инвесторға назар аударуды сұрады.

Министрдің айтуынша, ол жақта жеке инвестор 50 ауылға интернет тартып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы екі жобамен шектелмей (мемлекет жүзеге асыратын екі жоба) операторлар оптиканы ауыл үйлеріне тартып жатыр. Мысалы жеке инвесторлар «Транстелекоммен» бірігіп Жамбыл облысында 50 ауылда 10 мыңнан астам үйге тіркелген интернетті тартуда. Басқа өңірлердің әкімдеріне бұл мысалды іске асыруды сұраймыз», - деді Бағдат Мусин Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша қазіргі уақытта кей адамдар радиофобиялық үрей бар. Мысалы елордадағы «Family Village» кешенінде 2-3 тұрғынының арызы бойынша базалық станция алынып тасталып, интернет өшіп қалған.

«Одан кейін жақын жерден қайтадан байланыс операторы базалық станцияны орнатуға мәжбүр болды. Бірақ бүгінгі таңда интернет газ, электроэнергия, су сияқты бірінші қажеттілікке айналғанын ескеру керек», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар