09:48, 18 Қараша 2012 | GMT +5
Жамбыл облысында 50 м биіктіктен құлап түскен монорельс екі адамды мерт қылды
АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында «Алтыналас» Акционерлік компаниясы» АҚ-ның Ақбақай филиалында төтенше жағдай орын алды.
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 17 қараша күні сағат 04.25-те монорельстерді жөндеу барысында 50 метр биіктіктен монорельс құлап кетіп, 34 және 46 жастағы екі жұмысшыны мерт қылды. 48 жастағы тағы бір жұмысшы ауруханаға жеткізілді.