Жамбыл облысында 80-нен астам этнос өкілдері тұрып жатыр
«Бұл мереке біздің әрқайсымыз үшін ерекше қымбатты деген ойдамын. Бұл біздің миллиондаған отандастрымыздың жүрегіне жол таба білген керемет рухани дәстүр. Ол көктем мен еңбектің, келісім мен бейбітшіліктің нышаны іспеттес. «Бірлік бар жерде - тірлік бар» дейді халқымыз. Ұлттың тұтастығы әрбір азаматтың ішкі үйлесімділігінен басталады. Қазақстан халқы осы бірліктің арқасында әлеуметтік-экономикалық және рухани даму үрдісінде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бүгін біз Мәңгілік елге айналуды мақсат етіп отырмыз»,-деді облыс әкімі.
Өңір басшысының пікірінше, Қазақстан әлемге азаматтық келісім мен этникаарлық өзара түсіністіктің үлгісін көрсетті. Елбасының бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясының негізі қаланды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында Елбасы ассамблея тарихының тәуелсіз Қазақстанның достық пен бірлігінің жылнамасы, ел халқын ортақ мақсатқа жұмылдырған бірліктің қасиетті бесігі екендігін атап өтті. Жамбыл облысында бірлік пен өзара келісімде 80-нен астам эностардың өкілдері өмір сүріп жатыр және олар елдегі тыныштық пен тұрақтылықтың салтанат құруына үлес қосып, ерен еңбекті үлгісін көрсетіп отыр. Міне, Отанға деген махаббат осыдан басталады»,-деді Көкірекбаев.
Айта кетейік, 1995 жылы негізі қаланған Қазақстан халқы Ассамблеясының Жамбыл облыстық өкілдігі 25 этномәдени бірлестіктің басын қосып отыр.