Жамбыл облысында 80 жастағы азамат коронавирус жұқтырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Бүгін сағат 18:00-дегі жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған 1 адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Вирусты жұқтырған азамат 1940 жылы туған облыс орталығының тұрғыны. Ол қауіптілік тобына жататын болғандықтан жоспарлы түрде тексерілді. Себебі бұл азамат созылмалы респираторлық аурумен ауырады. Жүргізілген зертханалық талдау нәтижесі оның вирусты жұқтырғанын көрсетті, содан кейін науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жіберілді»,-делінген Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жедел штабының ақпаратында.

Үй ошағынан байланыс жасаған төрт тұлға анықталып, барлығы карантинге жатқызылды, дезинфекция шаралары жүргізілді.

Жалпы, 6 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын 163 адам жұқтырған. Олардың 55-і жазылып шығып, дәрігерлердің бақылауында үй карантині режимін сақтап отыр.


Соңғы жаңалықтар