Жамбыл облысында адам ұрлап ақша талап етпек болғандардың айласы іске асқан жоқ

АСТАНА. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Жамбыл облысында  адам ұрлап ақша талап етпек болғандардың айласы іске аспай қалды.
None
None

  Бұл оқиға жөнінде бүгін журналистермен болған апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуаныш Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның айтуынша, оқиға қарашаның 25-і күні орын алған. Тараз қаласының  әйел азаматы облыстық Ішкі істер департаментіне келіп, қаладағы мейрамханалардың бірінің директоры болып қызмет ететін күйеуінің жұмыстан қайтып оралмағанына шағымданған. Ал қарашаның 29-ы күні қарақшылар оған телефон шалып, 300 мың АҚШ долларын әкелген жағдайда күйеуін босататындықтарын айтқан. «Осы  іске байланысты жүргізілген арнайы іздестіру шараларының барысында қала маңынан аталмыш қылмысқа қатысы болуы мүмкін күдікті қолға түсті. Ол ұрланған азаматты күзетіп жүрген. Қылмысқа қатыстылығы дәлелденген соң аталған азамат бар кінәсін мойындап, болған жайтты тәртіп сақшыларының алдына жайып салды. Қылмыскерлер азаматты ақша талап ету үшін ұрлаған болып шықты. Тап осы күні ұрланған азамат қамаудан босатылды, ал оны ұрлауға қатысқандар іздестірілуде», деді Қ.Жұманов.

Соңғы жаңалықтар