Жамбыл облысында алдағы үш күндегі ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы үш күнде Жамбыл облысында қатты жел тұрып, қалың қар жауады, боран соғуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл облысында алдағы үш күндегі ауа райына байланысты ескерту жарияланды

19-21 желтоқсанда Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз 19 желтоқсанда, 20-21 желтоқсанда күні бойы облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да асып кетуі ықтимал.

19 желтоқсанда күндіз, 20 желтоқсанда түнде, 21 желтоқсанда таңертең және күндіз кей жерлерде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.

19-21 желтоқсанда Тараз қаласында оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, 19 желтоқсанда күндіз, 20-21 желтоқсанда тәулік бойы екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан да асып кетеді. Кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

Еске сала кетсек, Ақмола облысында боран соғатыны ескертілді.