11:40, 09 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Жамбыл облысында әлеуметтік әріптестік бойынша мыңнан астам ұжымдық шарттар жасалды
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Облыс әкімінің ақпандағы есебінің барысында тұрғындардың айтқан ұсыныстарын іске асыру аясында аймақта кәсіподақтардың қызметтері, әлеуметтік әріптестікке ұжымдық шарттарды тарту бойынша жұмыстар жандандырылуда,
деп хабарлайды аймақ әкімінің баспасөз қызметі.
Облыста «Ұжымдық шарттар жасасамыз!» республикалық акциясы кеңінен қолдау табуда. Тамыздың 1-індегі жағдай бойынша кәсіподақтар мен жұмыс берушілер арасында тиісті мемлекеттік тіркеуден өткен, заңнамалық күші бар 1 075 ұжымдық шарттар жасалды.
Бүгінгі күні аймақтық кәсіподақтар ұйымдары әлеуметтік әріптестік туралы 7 салалық келісімдер жасасты. Тараздың және облыс аудандарының әкімдіктері 2009-2011 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастар туралы жұмыс берушілер бірлестіктерімен келісімдерге қол қойды.