Жамбыл облысында алғаш рет сүт безі қатерлі ісігіне бірегей ота жасалды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының хирургтары алғаш рет қолтықасты лимфа түйіндері арқылы оң жақ кеудеге кеңейтілген секторлық резекция жасайтын бірыңғай ота жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұған дейін мұндай операциялар тек Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында және Нұр-Сұлтандағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығында жасалатын. Бұл туралы облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Талас ауданы Қаратау қаласының 46-жастағы тұрғыны диспансерлік есепте «Оң жақ сүт безінің карциномасы, 2-саты» клиникалық диагнозымен тіркелген. Науқас адъювантты емес химиялық терапияның төрт курсынан өтіп, ісіктерінің регрессиясы 50%-дейін жетіпті. Жедел түрде ота жасау туралы шешім қабылданғаннан соң, білікті де тәжірибелі дәрігерлер Қайрат Төлешев пен Жандос Сейдахметов интраоперациялық экспресс-цитологиялық зерттеуді қолдана отырып, дерттің ошағын алып тастады»,- деді басқарманың баспасөз қызметінің жетекшісі Толқын Өмірбаева.

Мамандардың айтуынша, мұндай отаның басты ерекшелігі – сүт безін сақтауға және қатерлі ісіктің қайталануын болдырмауға бағытталған. Бұрын онкологиялық ауруларға хирургиялық араласудың басқа тәсілі қолданылатын. Бұл әдістің тиімділігі – қосымша аурудың алдын-алуға да септігін тигізетіндігінде болып отыр.

Облыстық көп бейінді аурухана дәрігерлерінің ізденісі мен үйлесімді, әрі табысты жұмысында цитологиялық зертхана қызметкерлері Татьяна Сим мен радиология бөлімінің меңгерушісі Роза Бегимбаеваның зерттеулері маңызды рөл атқарғанын атап өткен жөн.




Соңғы жаңалықтар