Жамбыл облысында алтын өндіру комбинатын салу мәселесі талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Questa Capital" компаниясының еншілес ұйымы - "Aurum Deutschland" ЖШС жыл сайын 5100 келі алтын өндіруді жоспарлап отыр. 
None
None

Бүгін Астанада өткен Қазақстан мен Германияның сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобының кезекті отырысында аталған жоба да талқыланды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кеткен жөн, жаңа өндірістік нысанның жалпы сомасы 250 млн еуроны құрап отыр. Ол ақшаға Жамбыл облысының Қордай ауданында тау-кен комбинатын салу жоспарланған. Соңғы ақпаратқа сәйкес, ағымдағы жылда жобаның теxникалық-экономикалық негіздемесі әзірленеді. 2019 жылы комбинаттың құрылысы басталады. Ал 2020 жылда алтын өндіру жұмысы қолға алынады. Шикізатты Астанадағы аффинаж зауытында өңдеу қарастырылған. Бұдан бөлек, "Aurum Deutschland" ЖШС жыл сайын 100 тонна күмісті шығаруды жоспарлап отыр.

Айта кетейік , соңғы он екі жылдың ішінде Германия еліміздің экономикасына 4 млрд доллардан астам қаржы құйды. "Ол ақшаның 90 пайызы шикізаттық емес секторға бағытталды. Бүгінгі отырыста біз нақты жобаларды қарастырдық. Бізде 60-тан астам ортақ жобалар бар. Соның жалпы сомасы 5 млрд доллардан асады", - дейді ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Қайыров. 

Соңғы жаңалықтар