Жамбыл облысында атыс қаруы мен оқ-дәрілер сақталған орын табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 сәуір Көліктегі Полиция департаменті ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Шу қаласының маңында қараусыз қалған ғимараттан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысында атыс қаруы мен оқ-дәрілер сақталған орын табылды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

- Қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысы Полиция департаментінен ұрланған АКСУ-90 автоматы оқшантайымен бірге, бөлшектелген түрдегі қос ұңғылы аңшы мылтығы, 16 мл калибрлі шолақ аңшы мылтығы, Streamer 1014 маркалы газ тапаншасы, 5.45 мм калибрлі патрондардың 29 бірлігі, 7.62 мм калибрлі 7 патрон, 16 мл калибрлі тегіс ұңғылы қарудың 9 патроны немесе 49 данасы тәркіленді, - деді ҰҚҚК басқармасының бастығы Теміржан Рамазанов.

Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.