20:45, 08 Қараша 2011 | GMT +5
Жамбыл облысында ауыл әкімі лауазымды өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін істі болды
АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының Қордай ауданына қарасты Қақпатас ауылдық округының әкімі Б.Байшымыров лауазымды өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды,
деп хабарлады облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, ол 2009 жылы жауапты мемлекеттік лауазымда жүрген кезінде қызметтік өкілеттілігін пайдаланып, Қырғызстан Республикасының азаматы Н.Иманалиевке зейнетақы алу үшін шетелдік азаматтың тұрғылықты мекен жайын рәсімдеуге құқық беретін анықтаманы заңсыз берген. Осылайша ол мем лекетке 667 987 теңге көлемінде залал келтірген.
Қордай аудандық сотының үкімімен Б.Байшымыров кінәлі деп танылып, екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.