Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану картасы жасалады
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов ауыл шаруашылығы саласының өкілдеріне табиғи ресурстарды пайдалану жұмыстарын оңтайландыруды тасырды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысы айтқандай, ауыл шаруашылығы саласы Қазақстан экономикасының қозғаушы күші бола алады. Осыған қарай қазір, өңірде егістік жерлерін барынша тиімді пайдалануға күш салынуда. Айналымға 12 мың гектар жаңа жер беру жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлерді пайдаланау картасы жуық арада қолға алынады. Жамбыл облысы инновациялық технологияларды қолдануда өзге өңірлерден қалып жатқан жоқ. Оның үстіне бос жатқан жерлер туралы мәліметтерді білуге болатын арнайы геопортал дайындалуда. Сонымен қатар пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет пайдасына алып қою бойынша сот процедуралары жүзеге асырылуда. Жамбылдық шаруалардың тәжірибесін елдің өзге де өлкелерінде пайдалану жоспарланып отыр»,-деді ауыл шаруашылығы ведомствосының басшысы Берік Нығмашев.
Айта кетейік, кәсіпкерлікті дамыту мен қайта өңдеуші агроөнеркәсіп кешендерінің карталары Қазақстан үшін пилоттық жоба және олар жуырда ғана Астанада таныстырылды.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы жетекшісінің сөзінше, өңірде ылғал үнемдеу мен тамшылатып суару алқаптарын кеңейту бағыты басты назарда. Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Шу өзенінің алқабы мен өзге де су көздері маңындағы жерлерді барынша кеңінен пайдалануды тапсырды. Әрбір жер бөлігін тиімді пайдалану үшін жаңа технологияларды пайдалану мен тиісті талдау жасау маңызды.
Берік Нығмашевтің айтуынша, биылға жоспарланған барлық шаралар ішкі жалпы өнімнің көлемін арттыруға, жұмыс өнімділігін еселеп, агроөнеркәсіп кешенін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Өңірде шешімін күткен проблемалар бар.
Берік Нығмашевтің сөзінше, өңірде тұқым өндіру жұмыстарын жолға қою қажет. Қазір бұл мәселе өте өткір тұр. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарын әркелкілендіру маңызды. Облыстың аудандарын аралау барысында өсімдік шаруашылығы саласында біршама кемшіліктер анықталды, оларды жою маңызды.
«Осындай мәселелерде оңтайландырылған егістік картасы көп көмегін тигізуі мүмкін. Карта мемлекеттік қолдаудың қай жерде қажет екендігін нақты анықтап береді»,-деді спикер.