Жамбыл облысында автобус аударылып, бір адам мерт болды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Алматы-Шымкент тасжолында, Тараздан 17 шақырым қашықтықта қалааралық автобус аударылды, деп хабарлайды Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
«Бүгін түнде, сағат 3:20-да Жамбыл ауданы Айша бибі ауылының маңында 31 жолаушы мінген автобус аударылып қалды, - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.
«Жедел медициналық көмек көрсету үшін 13 санитарлық көлік жіберілді. Үш жолаушыға оқиға орнында көмек көрсетілді».
№1 қалалық ауруханаға 28 адам жеткізіліп, олардың сегізі ауруханаға жатқызылған, ал 19 адамға көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілген. 1 бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.
Оқиға салдарынан 20 жастағы автобус жолаушысы қаза тапты.